Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:288
На рассмотрении:9
Рассмотренных:279
Вопрос: Курметти Аким Далабаев Жандарбек Ермекович сизге кояр сауалым Мынбаев ауылына катысты. Биздин ауылдагы жанадан салынган уйлерге (Суыктобе, Басбатыр кошелери т.б.) кашан окимет тарапынан свет, газ, су, жол жургизиледи. Биз оз кушимизбен свет тарттык, тас токтирдик, суды адамдар тасып ишеди. Дамыган Алматы каласынан 40 км жерде отырып ешбир инфраструктурасы жок шалгайдагы ауыл сияктымыз. Бугинги кунге дейн комир жагып газ баллон пайдаланамыз. Осы аталған маселени шешимин тауып беруинизди сураймыз. Казир баримиз окыган, кокирегимиз ояу сауатымыз жеткиликти. кашангы оз каражатымызбен шеше беремиз, ауылдын коп тургындарынын жагдайы которе бермейди. Осы маселе оз шешимин аудан колеминде таппаган жагдайда облыска жане Курметти Елбасынын атына хат жолдауга мажбур боламыз. Енбектеринизге табыс тилеймин!

Ответ: Құрметті Мейрамбек Жалғасұлы! Мыңбаев ауылында жаңадан салынған үйлерге (Суықтөбе, Басбатыр көшелері т.б. ) электр жүйесі, су, жол, газбен қамтамасыз етуге байланысты сауалыңызға, 2013 жыл жаңа бой көтерген мөлтек ауданына электр жүйесінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасына (мемлекеттік сараптама 2013 жылы 30.09. № 180627/13) 3 760,99 мың теңге бөлінді. 2014 жылы электр жүйесінің құрылысына 59 317,2 мың теңге қаржы бөлінді. Ал, 2017 жылға Мыңбаев ауылының жаңа салынған көшелеріне электр жүйесінің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға қаржы көзін қарастырып беруге Алматы облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына сұраныс берілген. Бірінші жобаға енгізілмеген көшелерді екінші жобаға енгізілетінін хабарлайды. «Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының ауыз су жүйесін жаңғырту мен құрылысы» нысанның жобалық-сметалық құжаттамасын «Жамбыл ауданының тұрғын коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік сараптама 2015 жылы 08.01. № 18-0032/15) дайындады. Құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін 567 922,9 мың теңге қарастырып беруге Алматы облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына сұраныс берілді. Көшелерге байланысты, су құбырларына құрылыс – монтаждары аяқталған соң жөдеу жұмыстары жүргізіледі.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2020. All rights reserved.