Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:290
На рассмотрении:11
Рассмотренных:279
Вопрос: Саламатсызбе! Мен Назира Орунбасарқызымын Алматы қаласында оқуымды аяқтадым! Менің сіздерге қойар сұрағым!Дипломмен ауылға деген бағдарлама жалғасын табудама? Қандай шарттары бар? Бағдарламаға іліну үшін не істеу керек? сол туралы білейін деген едім. Аудан халқының білім беру саласына өз үлесімді қоссам деп едим.Ұзынағаш тұрғынымын. Алдын ала рахмет!

Ответ: Құрметті Назира Орунбасарқызы! «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылдан бері бүгінгі күнге дейін жалғасын табуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің министрі Е.Досаевтың 06.11.2014 жылғы №72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» қағидасында көрсетілген талаптары бойынша Сіз Жамбыл ауданына өз біліміңізбен жұмысқа орналасып, елді мекенге тіркеуге тұрып, аталған ереженің 8 тармағы бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне құжаттар өткізуіңізге болады.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2021. All rights reserved.