Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:289
На рассмотрении:10
Рассмотренных:279
Вопрос: Құрметті Бағдат Байшалұлы! Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен « Ауыл- Ел бесігі» арнайы қабылданған өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, 2020 жылға дейінге мерзімге қаралған қаржы есебінен ауылдық жерлерге әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрлым салу жоспарлары қаралған. Осы бағдарламаға сәйкес Сізден сұрайтынымыз: Біз төмендегі тұрғындар 5- 10 жылдан бері осы Қарғалы ауылы ( Наурыз елді мекені , Қараарша,Жаңадәуір, Тауелсіздік көшелерінде) 5 мыңнан аса тұрғын тұрамыз, көшемізде жол жоқ, ішетін су жоқ, біз үшін асфальт жол деген арман болды, көктем, күз,қыс айларында бала-шағамыз мектепке лай кешіп барады, көліктеріміз жолдың ой шұңқырынан күн ара бұзылады. Осы күнге дейін жол салу түгіл ауыз су мәселесі де шешілмеген, көпшілігіміз үйімізге су сатып алып ішіп отырмыз, ауыл әкіміне айтқан өтініштеріміздің барлығы қаражатқа келіп тіреледі де, ары қарай ешқандай шешімін таппайды. Бұдан да басқа бала-шаға, мүгедек пен үлкен қарт кісілеріміз бар, ауырып сырқаттанған кезде және төтенше жағдайларда жәрдем көліктері жолдан жүруге қиналады, жақын жерлерде Қараарша, Жаңадаур, Тауелсіздік көшесінде мектеп, аурухана және бала бақша жоқ, сондықтан сізден өтінеріміз осы жол, су мәселесін шешіп береді деп, сенім артамыз. Қарғалы тұрғындары атынан: Жүздеген адамның қол қойған арызы бар

Ответ: Құрметті Каламкас Аширбаевна! Қарғалы ауылындағы Наурыз ықшам ауданының Қараарша, Жаңадәуір, Тәуелсіздік көшелеріне жөндеу жұмыстары, аталған көшелерде су құбыры желілерінің құрылысы аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Байланыс тел. ном. 2 03 14
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2020. All rights reserved.