Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:288
На рассмотрении:9
Рассмотренных:279
Вопрос: Саламатсызба, Менің сізге айтқалы отырғаным бұл Жамбыл ауданы әкімінің кітапханасы туралы. Бір ай бұрын ол кітапханаға кірген едім сол кезде оқу залындағы, отырып кітап оқуға жағдай жасалмаған, себебі оқу залында кітап оқуға жарықтық жеткілікті емес болғандықтан свет жақсам лампочкалар істен шыққан, бір ғана лампочка істейді, оқу столдар жинап тасталған және шаң. Коворкинг бөлімесіне кіріп компьютерде жұмыс істейін десем ол бөлмедегі барлық компьютерлер орындарында жоқ. Жауапты адамнан компьютерлер қайда деп сұрасам, техникалық ақаулар себебінен жөндеп кейін қойып қоямыз деп сылтаулады. Енді арадан шамамен бір айдай өтті, және сол кітапханаға жұмыспен кірсем, ешнәрсе өзгермеген, оқу залындағы стол парталар сол бір ай бұрын қалай тұрған болса солай әлі де тұр шаң басып, оқу залында сол баяғыда лампочкалардың бәрі істен шыққан тек қана бір лампочка істеп тұрған болса әлі де солай, коворкинг бөлмесінде баяғыда компьютерлер техникалық ақауды сылтаулап шығармай көрсетпей болса, әлі де солай бірде-бір компьютер жоқ. Қысқасы бұл кітапхана тек аты ғана кітапхана болып тұр, ал коворкинг бөлім тек атына ғана коворкинг бөлме болып тұр, мемлекет бюджеттен қаншама ақша бөлгенін және де сол жерде жұмыс істеп жатқан кітапханашыларға әлі де жалақы есебінде бөліп жатқанын білмеймін, бірақ та сол кітапхана жөнді Каскелендегі Карасай ауданы әкімінің кітапханасы сияқты істесе деймін. Рахмет.

Ответ: Құрметті, Бахыт Кенжебаевич! «Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» ММ 1974 жылдан бері пайдалануға берілген. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылы ғана жүргізілді. 2018 жылдың маусым айында кітапхананың 2-қабатында «Коворкинг» орталығы кітапхананың өз күшімен ашылды. Материалды-техникалық базасына ешқандай қаражат бөлінбегендіктен, Алматы облысы Мәдениет және құжаттама басқармасына және аудандық Мәслихатқа ресми сұраныс хаттар жолданған болатын. «Коворкинг» орталығында оқырмандарға арналған күнделікті пайдаланудағы 2 ноутбук қойылған. Маусым-шілде аралығында бұл ноутбуктар техникалық ақауларына байланысты жөндеуден өтіп, 22 шілдеден бастап қайта пайдалануға берілді. «Жамбыл ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» ММ оқу залында күнделікті түрлі ауқымдағы және әр түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілетіндіктен, толығымен талаптарға сай келеді, күнделікті тазалығы сақталады әрі жіті қадағаланады.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2020. All rights reserved.