Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:288
На рассмотрении:9
Рассмотренных:279
Вопрос: Құрметті Бағдат Байшалұлы! Елбасы биылғы жылды "Жастар жылы" деп бекітті, яғни биылғы жылы жастарға ерекше ықыласпен көмек пен қолдау көрсетілуі тиіс. Әсіресе қолында дипломы бар жас мамандарға. Алайда, Жамбыл аудандық Архив мекемесін басқарып отырған Шалғымбаева Ж.Б. Елбасының бұл тапсырмасына қарсылық танытып жүргендей. Оған дәйек мынау: биыл қолында ЖОО дипломы қызым осы мекемеге жұмысқа тұрған. Алайда, "бастық" лауазымдық міндеттерінен асыра пайдаланып, оған еден сыпыртып, еден жуғызып, түскі ас әзірлетіп жүрген. Сонда мекеменің штатында еден жуушы, аула сыпырушы көзделмеген бе? Мекемеде ас әзірлеуге (газ баллонмен), қызметкерлерді ас дайында деп мәжбүрлеуге бола ма? Қарсы сөз айтса, жұмыстан өз еркіңмен шық деп, арыз жаздырып алған. Ол мекемеде кадрлар тұрақтамайтыны белгілі. Әрине, жас маманға жұмыс табылар, бірақ ондай ескі тәсілмен жұмыс істейтін "бастық" сымақтарға бір шара қолданылуы тиіс деп есептеймін, себебі мемлекеттік мекеме ол "бастықтың" жеке бизнес-офисі емес. Қызметтік тексеру жүргізіп, қолданылған шара туралы жауап беруіңізді сұраймын. Шара қолданылмаса, бұл шағым Алматы облыстық "Нұр Отан" партиясының қарауына жолданады.

Ответ: Саламатсызба! Назарға алынды. Анықтаймыз.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2020. All rights reserved.