Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:288
На рассмотрении:9
Рассмотренных:279
Вопрос: Құрметті аудан әкімі Бағдат мырза! Біз Жайсан орта мектебінің ұстаздары мектебіміздегі болып жатқан жағдайларды мәлімдегіміз келіп отыр. Сіз дұрыс саралап, дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймыз. 2014 жылдан бері 15 жыл арыз жазудың арқасында Накисбекова Зейнехан мектеп директоры болып тағайындалғалы бері мектепте көптеген сорақылықтар болуда. Атап айтар болсақ, З.Накисбекова өз лауазымын асыра пайдаланып, мектепке «мертвая душа» яғни жұмыс істемей айлық алып жүрген Абдулаев Хасан, Қойбағарова Райхан, Сермағанбетов Нұрлан т.б. жазып жүрді. Ол кезде бұл адамдар Қойбағарова Р мектепте асханада, Абдулаев Х Алматыда, Сермағанбетов Н Алматыда кафеде жұмыс атқарып жүрген. Сол кездермен тексерілсе, бәрі айқындалатыны анық. Осы аталған кісілердің ішінде әлі күнге дейін Қойбағарова райхан мектеп асханасында Найзабековаға көмекші болып жұмыс істейді. Осындай арыз негізінде келген тексерісте Қойбағарованы сол күні юбка, кофта кигізтіп хатшы етіп отырғызып қояды. Қай оқушыдан сұрасаңыздар да, қай ата-анадан сұрасаңыз да, қай мұғалімнен сұрасаңыз да Қойбағарованың асханада істейтінін дәлелдеп береді. Бұл Қойбағарова тексеріс келген кезде хатшы болып жұмыс істеймін деп өтірік айтқаны үшін заң жүзінде неге жауапқа тартылмайды? Хатшылық жұмысты завхоз С.Ажибекова атқарып, ақшасын сол алады. Сенбесеңіз Халық банкідегі банкоматтан кім алып тұрғанын тексерсеңіз болады. Бір емес әр ай сайын Қойбағарованың карточкасымен завхоз алады. Биылғы оқу жылында лаборант декреттік демалысқа кетіп, оның орнына аудандық білім бөлімнің бастығы Л.Бакировадан лаборант ретінде үйде отырған Ж.Бегалиеваны жұмысқа қабылдауға қол қойдырып, мектепке келген соң тарих пәнін қоса беріп қойды. Л.Бакирова осы олқылықты біле ме екен? Сонда бұл мектеп Накисбекованың жеке мектебі ме? Ақша жинауға келсек, З.Накисбекова мектеп директоры болғалы бері ақша жинаудан көзіміз ашылмады. Тіпті қызына арнап стенд жасау үшін де біздерден ақша жинады. Жылда мектеп жетістіктерін ауыстырып отырамыз деп алдап жасатып, 3 жыл болды әлі ауыстырмай қызының ғана жетістіктерін салып отыр. Мектепте спорт жағынан болсын, қай саладан болсын, жетістіктер бар ғой соларды неге ілмеске? Басқа жылдарды айтпағанда биылғы жылы завхоз С.Ажибекова екеуі бірігіп СЭС келе жатыр деп 750 тг ден, МЧС-ке деп 1000тг әр мұғалімнен, питуньяға (гүлге) деп әр сыныптан 1000тг-ден, мектеп ауласына ағаш отырғызамыз яғни шыршаға деп 2000тг-ден жинадық. Бірақ ол шырша да, гүл де жоқ. Казіргі есік алдында тұрған шыршаны Қосбасаровтың бюстін орнату кезінде ұрпақтары 10 шырша, 11-сынып түлектері 2 шырша отырғызған. ҰБТ-ға деп 2800тг-ден әр мұғалімнен, всеобуч келе жатыр деп 1000тг-ден, ашық есік күніне деп 1000тг-ден, Жамбыл қорына деп былтырғы жылы 5000тг-ден, биылғы жылы 3000тг-ден жинадық. Мектепке деп әр жылға түлектерден келген сыйлықтар, атап айтсақ диван-кресло, телевизор, кілемдерге дейін директор З.Накисбекованың кабинетінде тұрады. Неге? Сонда мұғалімдердің бос уақытында отыратын мұғалімдер бөлмесінде 3 орындық ғана тұрады, диван-креслоның қызығын неге мұғалімдер көрмеске? Қандай да бір арыз жазылса кім айтып қоятынын бір күн бұрын завхоз екеуі барлығын орын орнына қойып жөндейді. Құжаттарды ретке келтіреді. (мертвая душаның құжаттарын бір түнде жөндеген). Тіпті мектептің парталары, мұғалім орындықтары, столдары З.Накисбекованың үйінде тұр. Қорасы тола мектептің заттары.Неге? Осы уақытқа дейін болған директорлардың үйінен мектептің бір затын көрген емеспіз. Ал З.Накисбекова жеке меншік мектебі құсатып, барлығын үйін апарып алған. Бұл не сұмдық? Сыбайлас жемқорлық деген осы емес пе? Мектеп қыс бойына суық болды, сонда мектепке бөлінген солярка қайда? Жоқ өкімет жеткізбей бере ме? Осының барлығын тексеріп, дұрыс нәтиже шығарып беріңіз. Болмаса жоғары жаққа шығамыз, Азаттық радиосын, телевидение шақыртамыз.

Ответ: Сәлеметсіз бе, құрметті ұстаздар қауымы! Жамбыл ауданының әкімдігі Жайсаң орта мектебінің директоры Накисбекова Зейнехан Жорахановнаға қатысты аудан Әкімінің сайтына жазылған арызға байланысты тексере келе төмендегідей жауап ұсынады. Тексеру барысында хатта «заңсыз» деп көрсетілген деректер нақтыланбады. Абдуллаев Хасан, Қойбағарова Райхан, Сермағанбетов Нұрлан деген қызметкерлер жұмысқа өз өтініштері бойынша қабылданған. Абдуллаев Х. мен Сермағанбетов Н. 2015 жылы өз өтініштері бойынша жұмыстан босатылғаны анықталды, мектеп директорларымен мерзімінде шығарылған бұйрықтар бар. Арызда көрсетілген Ж.Бегалиеваның мамандығы- тарих пәнінің мұғалімі, білімі- жоғары. Дипломдағы мамандығына сәйкес тарих пәнінен жүктеме берілген. Арызда көрсетілген кемшіліктер анықталмады, арызда көрсетілген «түрлі себептермен ақша жинау» мәселесі де өз негізін таппады. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі білім бөлімі тарапынан барған тексерушілерден арыз иесі нақты көрсетілмеген «домалақ арыздың» мүлдем қарастырылмауын сұрады. Осы жауапқа қанағаттанбаған жағдайда жоғары орындарға шағымдануыңызға болатынын ескертемін.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2020. All rights reserved.