Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:288
На рассмотрении:9
Рассмотренных:279
Вопрос: Құрметті Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Байшалұлы! С.Бердіқұлов атындағы орта мектептің ұстаздары атынан Сізге мектебімізде орын алып жатқан келеңсіздіктер туралы жеткізгіміз келіп отыр. Мектеп директоры Бухатова Г. мектепке келгеннен бастап тек ақша жинаумен шұғылданады, ол мектептің білім сапасын көтеру, мектеп жағдайына қарау орнына қай жерден ақша жасау, өз қалтасын қалай толтыруды ойлауда. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау-500 мың теңге, кім мұғалім болғысы келеді бәрін ала береді. Жыл сайын мұғалімдер аттестациядан өту үшін 40-50 мың теңге төлейді, әр ай сайын мектеп "фондына" әр мұғалімнен 1 пайыз жалақысынан жинайды, 2000 теңгеден жазға жинады, 1 маусымға оқушылардың арзан матадан тіктірген формаға әр мұғалімнен 3000 тенгеден жинады, мектептің ағымды жөндеу жұмысына әр сыныптан ақша жинады, тіпті Жамбыл атамыздың ескерткішіне де әр мұғалімнен 10 мың теңгеден жинап алды, ал көптен бөлігі қорға емес, директордың қалтасына кетті.Шілде айында болатын директордың тұған күнініне жыл сайын міндетті түрде әр мұғалім 1000 теңге өткізіп кетеді, ал қыркүйек айында сағат алу үшін әр мұғалім "отметкадан" өту керек, олсыз сағат алуға мүмкіндік жоқ. 4 жыл орын алып жатқан осындай қылықтарынан мұғалімдер шаршап бітті, Ұзынағаштағы ең жақсы мектептердің бірі болған мектептің быт-шытын шығарды, оны біз ғана емес , бүкіл ата-аналар және ауыл тұрғындары да айтуда.Мектеп директоры Г.Бухатоваға шара қолдануыңызды өтінеміз, Сіздің қолыңыздан келеді деп үміттенеміз!

Ответ: Сәлеметсіз бе!? Құрметті Садықова Айнұр, Жамбыл ауданының әкімдігі Сіздің арызыңызға төмендегідей хабарлайды: Арыздағы мәселелерді анықтау үшін тексеру жүргізілді. Тексеру барысында мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстары талапқа сай жүргізілгені анықталды. Мектеп ауласы таза, артық шөптер мен қоқыстардан тазартылған. Сонымен қатар «жұмысқа мұғалімдерді қабылдау үшін ақша (500 мың теңге) талап етеді» деген ақпарат та өз дәлелін таппады. Жұмысқа қабылданған мұғалімдермен жеке сөйлесу кезінде де дәлелденбеді. Осы арызға байланысты мектеп ұжымы бірауыздан «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1- бабының 2 тармақшасына сәйкес: «иесі бүркемеленген өтініш – ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің почталық мекен-жайы жоқ өтініш» түрінде негізсіз жазылған арыздарды талқыламауды сұрады. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, бұл арыз бүркемеленген арыз ретінде қарауға жатпайды деп танылды. Арыз иесі осы берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдай жоғары құзырлы органдарға немесе и сотқа шағымдана алады.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2020. All rights reserved.