Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:288
На рассмотрении:9
Рассмотренных:279
Вопрос: Құрметті Жандарбек Ермекұлы! Білім саласында көп жылдар еңбек атқардыңыз, білім сапасының төмендеуінен неше рет облыс басшысынан қатаң ескертпе алдыңыз. Менің сұрағым: Бүкіл «Жетісу» каналы, республикалық «31 канал» телеарналарда көрсетілген облыстық коллегияларда «Қастек, Ынтымақ, Үңгіртас орта мектептерінің директорлары босатылсын» деген шешім көрдік, естідік. Неге үнемі «сенатор Аңсар Мұсаханов, оның әкесі Тұрсынхан Мұсаханов менің ағаларым» деп жүрген Ынтымақ орта мектебінің директоры Күшенова Тұйғынай Рақымбайқызы бүгінгі күнге дейін қызметінде отыр? Сонда «крышасы» бар адамдар мемлекеттік қызметті жекешелендіріп алған ба?! Сіз аудан басшысы ретінде неге шара қолданбайсыз? Облыс әкіміне, Елбасына шағымдануға құқымыз бар емес пе? Арсыз, ұятсыз мектепті басқара алмайтын адамдар басшылықты босатпай отыруына кім рұқсат берген?

Ответ: Сәлеметсіз бе!? Құрметті Исаева К. Сіздің өтінішіңізге орай, Жамбыл ауданының әкімдігі төмендегідей хабарлайды: Облыстық білім басқармасы тарапынан жүргізілген аудан мектептеріндегі мектепішілік бақылау мен басқару бағытындағы жұмысты зерделеу қорытындысыоблыстық білім басқармасының алқасында қаралып, облыстық білім басқармасының алқасы аудандық білім бөлімінің басшыларына «мектепішілік бақылау мен басқаруда кемшіліктерге жол берген мектеп басшыларына қатысты шара қолдансын» деп шешім қабылдады. Алматы облысының білім басқармасының 2018 жылғы 19 наурыздағы алқа мәжілісінің № 1-1 шешімін орындау мақсатында мектепішілік бақылау мен басқаруда кемшіліктерге жол бергені үшін мектеп директоры Т.Р.Кушеноваға «қатаң сөгіс» берілді. Аудан бойынша білім беру мекемелерінің жұмысы аудан әкімдігі, білім бөлімі тарапынан үнемі қатаң қадағаланады.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2020. All rights reserved.