Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:288
На рассмотрении:9
Рассмотренных:279
Вопрос: Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі Ж.Далабаев мырзаға Жандарбек Ермекұлы! Біз Жамбыл ауданының ұстаздары Сізден аудандық білім бөлімі тарапынан көрген қыспағымызды айтып, сыр бөліскелі отырмыз. Өзіңізге белгілі, аптасына аудандық мектептерге ашық есік күні, әдістемелік күн, семинарлар деп әдіскер Аденова С.С. бастап келетін әдістемелік кабинет және аудан мектептерінен алынған бірсөзбен айтқанда «жандайшаптардан» көрген қиыншылығымызды жеткізгелі отырмыз. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында 1,2,5,7,- сыныптармен қағазбастылық үстінде жүрсек, Аденова Салтанат Сабитовна әдістемелік көмек көрсету орнына, әртүрлі адамның арына тиетін ауыр сөздермен балағаттап, қолымызға дипломды алып бергендей болады. Мектептегі әр мұғалімге анайы сөздер айтып, тіл тигізеді. Ашық есік күнінен басқа, ескертпестен, аяқ астынан «десант» деп келіп алып, мұғалімдерді есінен аударып, қан қысымын жоғарылатып, құлатуға дейін апарады. Біздер сабақ өтудің орнына үреймен жүреміз. Мұғалім мәртебесін осындай кісілер түсіріп отырғанда, жай ата-ана не істемейді? Сізге осы жағдайды ескерткелі отырмыз. Егер де Сіздің тарапыңыздан ешқандай шара қолданылмаса, біздер Жамбыл ауданының ұстаздары көтеріліске шығамыз. Біз-бірімізбен тығыз байланыста отырмыз. Біз бұл мәселені Білім министрі Е Сағадиевке де хабарлаймыз. Ізгі ниетпен Жамбыл ауданының ұстаздар қауымы

Ответ: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар ұжымы!? Өткен жылы мектептердің білім сапасы мен ҰБТ көрсеткіші төмен болуына байланысты 16 мектепте мектепішілік бақылау мен басқару жұмысы тексерілді. Тексеру барысында мұғалімдердің сабақтарына қатысып, мектеп әкімшілігінің құжаттары тексерілді. Әдіскерлер 354 сабаққа қатысу нәтижесі бойынша сабақтарға талдау жасалып, кәсіби сұхбат жүргізілді, әдістемелік көмек берілді. Мектептерде жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуде де мұғалімдерге әдістемелік күн, «Ашық есік» күндері,аймақтық семинарлар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстардың барлығы да жоспарлы өткізілді. Күнделікті өткізілетін сабақтарына дайын болып келуге әр мұғалім міндетті. Хатта көрсетілген «Әдістемелік кабинет меңгерушісі Аденова Салтанат Сабитовна педагогтардың арына тиетін сөз айтты, балағаттады» деген айыптарыңыз қаралуда.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2020. All rights reserved.