Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:288
На рассмотрении:9
Рассмотренных:279
Вопрос: Құрметті аудан әкімі ! Біздер Жамбыл ауданы Жайсан ауылының ата-аналары балаларымызды мектеп жанынан ашылған балабақшаға беріп отырмыз. Енді жаңадан мектебіміз де бой көтеріп келеді. Бұған қосымша ауылдың ішінен жекеменшік үйден балабақша ашылған. Мектеп директоры мектептегі балабақшаны жабамын, сол жеке балабақшаға балаларыңды апарыңдар деп отыр. Ол жекеменшік балабақша санитарлық талаптарға мүлдем сай емес. Себебі үйдің көлемі кіші, балаларға ойын бөлмелері қарастырылмаған. Бағасы да тым қымбат. Беріп отырған тамақтары да талапқа сай емес. Оның үстіне ол үй газбен жылынатын болғандықтан, үйдің ауласына үлкен көлемдегі газ толтырылған истерна қойылған. Бұл заңға қайшы емес па? Ертеңгі күні кез-келген уақытта ол жарылуы мүмкін ғой. Сонда балаларымыздың қауіпсіздігіне кім жауап береді? Жекеменшік балабақша болғандықтан, ол кез-келген уақытта жабылып та қалады. Біз ата-аналар тарапанына сізден мектеп жанындағы балабақшаны жаппауларыңызды сұраймыз. Біздерге ауыл тұрғындарына осы балабақшамыз тиімді. Өтініш беруші: Жайсан ауылының ата-аналары.

Ответ: Өтініште Жайсаң ауылындағы орта мектеп жанындағы шағын орталықтың жұмысының тоқтатылатыны жазылған. Жайсаң ауылындағы орта мектеп жанындағы шағын орталықта 25 балаға арналған ұзақ мерзімді 1 топ және 25 балаға арналған қысқа мерзімді 1 топ жұмыс жасайды. Шағын орталықтың жұмысы тоқтатылады дегенге еш негіз жоқ. Керісінше осы шағын орталықтағы қысқа мерзімді топтың жұмысын ұзақ мерзімде жұмыс жасауға ауыстыру үшін тиісті шаралар жасалуда. Жайсаң ауылынан жеке меншік балабақша ашуға кәсіпкер тарапынан білім бөліміне ұсыным болды. Бірақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруда қаражат болмағандықтан, бұл ұсыным қарастырылмады. Байланыс тел.ном. 8(72770)20387 Б.Бейсенаева
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2020. All rights reserved.