Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:288
На рассмотрении:9
Рассмотренных:279
Вопрос: Сізге Жайсан орта мектебінде болып жатқан мына жағдайды хабарлаймыз 2014 жылы мектеп директоры болып келген Накисбекова Зейнехан келген күннен бастап қолданусыз тұрған складты бұзып, түгел үйіне тасып алды. Содан соң мектепке бес адамды жазып, яғни Мертвая душа жазып ақшасын алды.мектептегі шкафтар, парталар, орындықтарды ауыл тұрғындарының үйінен көресің. Сұрай бастасаң мектептен сатып алдық дейді. Ақша жинау ол үрдіске айналған. Аудан сұрап жатыр, Бакирова сұрап жатыр деп ақша жинауын тоқтатпайды.2018-2019 жылдары баласы Ысқақбек Бауыржанды мектепке қарауыл деп жазып, ақша алды. Ал 2019-2020жылғы оқу жылында тағы да Бауыржанды жұмысшы деп жазып, ақшасын алып отырды. Үстінен арыз түсіп еді, дереу баласын жұмыстан шығарып жіберді. Сонда бұл мектеп Накисбекованың жеке мектебі емес шығар. Ойына келгенін істейтін. Енді міне мектеп салынып жатыр.Мектептің жан –жағындағы ағаштар өте көп. Сол ағаштардың өзін мектеп мұғалімдеріне, жұмысшыларға бөліп берсе болады ғой, ал ол болса баласының тракторымен келіп түгел үйіне алып кетті. Сонда мектеп , мектептің жан –жағындағы заттың бәрін үйіне алып кетсін деген заң жоқ шығар.Қанша өрескел дүниелер болса да,Мектеп директорына заң жоқ па? Өткенде жазылған арыздағы барлығы рас қой. 33 адам растап , яғни баласы Ысқақбек Бауыржанның жұмыс істемейтінін дәлелдеп жазып берсе де, ешқандай шара қолданылмады.Келген тексеруші кеткен соң, маған бәрін көрсетті кім жазғанын білем деп, айқайға басты. Артымызға түсіп,мазамызды алды. Сонда шындықты жазуға болмайды ма? Енді жаңа мектеп салынса,бәрібір әділеттілік жоқ деп, мектепті ң мүлкін тонай беру керек пе? Қандай жиналыс,педагогикалық кеңес айғайсыз өтпейді. Мұғалімнің құқығын аяққа таптайды. Өзі педагогикалық этиканы білмесе, басшылық жұмысты өткізсін. Егер де сіздер осы мәселелерді қарамасаңыздар, барлық жерге тіпті Президентке шығамыз. Арызданушы Жасан орта мектебінің мұғалімдері мен жұмысшылары.

Ответ: Жамбыл ауданының білім бөлімі Жайсан ауылындағы орта мектептің мұғалімдері мен жұмысшылары. Өтініште мектеп директоры Накисбекова Зинахан Жорахановна мектептің ауласындағы кесілген ағаштарды үйіне тасып алғаны, әр үйде мектептің парта, шкафтарының бар екені, сонымен қатар ұлы Ысқақбекұлы Бауржан жұмысшы ретінде мектепте тіркелгені көрсетілген. Мектеп ауласындағы кесілген ағаштарды селолық округ әкімі Е.Қасымшаловпен келісіп, ауылдың тұрғындарына (әлеуметтік жағдайы төмен отбасына, көп балалы отбасына, жалғыз басты анаға, т.б.) таратылып берілген, оның ішінде мектеп мұғалімдері мен кіші қызметкерлер де бар. Жайсаң ауылындағы орта мектеп 2014 жылы күрделі жөндеуден өтті, мектептің материалдық базасы жаңартылды. Осы кезде мектептің ескі, тозығы жеткен «ұстауға жарамсыз» деп танылған «1969ж» деген жазуы бар шкаф пен парталары ауыл тұрғындарына берілген. Мектеп директоры З.Накисбекова қызмет барысында мектеп мүлкін өзіне иемденбегені анықталды. Ұлы Ысқақбекұлы Бауржан мектепте жұмысшы ретінде 2019 жылдың 03 желтоқсанына дейін жұмысшы ретінде жұмыс істегені расталды. Ол 2019 жылдың 3 желтоқсанынан бастап жұмыстан өз өтінішімен босатылған. Мектеп директоры З.Накисбековаға қатысты Жайсан ауылындағы орта мектептің директоры қызметін атқару барысында ұжым тарапынан бірнеше рет негізсіз арыздар келіп түскен. Тексеру барысында мұғалімдер де, кіші қызметкерлер де бірауыздан жазбағанын айтып, жазбаша түсініктеме берді.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2020. All rights reserved.