Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:288
На рассмотрении:9
Рассмотренных:279
Вопрос: Құрметті аудан басшысы! Біздер Жамбыл ауданы Жайсан орта мектебінің жұмысшылар мен ұстаздары мектеп директоры Зина Нақысбекованың жасап жатқан олқылықтары туралы шағымымызды айтпақшымыз. Директор З.Нақысбекова өз лауазымын пайдаланып, туыстарын жұмысқа үздіксіз алуда. Атап айтсақ туған баласы Ысқақбекұлы Бауыржанды 2 жыл қарауыл қызметіне алып, биылғы жылы разнорабочий қылып жұмысқа кіргізіп қойды. Бауыржанның бір емес екі дипломы бар. Біздің ашынатынымыз Баласы Бауыржан бір күн де жұмысқа келген емес. Оның орнына жұмысты біздер істейміз.Сонда ол үйде жатып ақша алады, ал біздер құл құсап жұмыс жасаймыз ба? Тіпті директор болған жылы бір емес бірнеше туыстарын жұмысқа кіргізді. Сенбесеңіздер бугалтерияны тексеріңіздер. Мұғалімдерден сұраңыздар. Күйеуі Абдуллаев Ысқақбек бір емес екі жерде жұмыс істейді. Мектепте мүлдем сабағын өтпейді. Онан қала берсе спортзалға өзінен басқа ешкімді кіргізбей аузына келгенін айтады. Әйелі екеуі мектепті жеке меншікке айналдырып алды. Бұл жайттар туралы білім бөліміне арыздандық. Білім бөлімінен тексеріс келіп, ұжымнан анкета алды. Директор З.Нақысбекова біздерді қорқытып Бауыржан жұмыс істейді деп жаздырып алды. Біз жұмыстан шығып қалмас үшін жазып бердік. Ол жерде тең жартысы Бауыржанды бұл жерден көрген емеспіз деп жазып берді. Бірақ білім бөлімі тарапынан еш нәтиже болмады. Ешқандай шара қолданбады. Осы жемқорлық туралы әр мұғалім мен жұмысшыдан жеке-жеке сұрайларыңызды сұраймыз. Арызданушы: Жайсан орта мектебінің жұмысшылары мен ұстаздары.

Ответ: Құрметті Жайсан ауылындағы орта мектептің ұжымы! Жайсан ауылындағы орта мектептің жұмысшылары мен мұғалімдерінің маған жолдаған өтініштеріңіз бойынша, Жамбыл ауданының білім бөліміне тапсырма берілді. Өтініштің мазмұны бойынша мектеп директоры Накисбекова Зинахан Жорахановна қызмет барысында мектеп қызметкерлерінің ар-намысына тиетін сөздер айтады, мектеп жұмысшыларын жеке қажеттілігіне байланысты үй жұмыстарын істетеді, мектепке бөлінген солярканы жеке қажеттілігіне пайдаланады, ұлы Ысқақбекұлы Бауржан жұмысшы ретінде мектепте тіркелгенмен, жұмысқа келмейді деп көрсетілген. Білім бөлімі мектептің ұжымымен кездесу өткізіп, өтініште көрсетілген мәселенің анығын тексеру мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдер саны 43 (90%), жұмысшылар саны 19 (83%) болды. Нәтижесінде, мектеп директоры Накисбекова Зинахан Жорахановна қызмет барысында мектеп қызметкерлерімен қарым-қатынасы жақсы, қызметкерлердің ар-намысына тиетін сөздер айтпайтыны, мектеп жұмысшыларын жеке қажеттілігіне байланысты үй жұмыстарына ешқашан жұмсамағаны, мектепке бөлінген солярканы жеке қажеттілігіне пайдаланбайтыны анықталып, ұлы Ысқақбекұлы Бауржан мектепте жұмысшы ретінде істейтіні расталды. 2019 жылдың 03 желтоқсанынан бастап Ысқақбекұлы Бауржан өз еркімен жұмыстан босатылды. Накисбекова Зинахан Жорахановна 2014 жылдан бастап Жайсан ауылындағы орта мектептің директоры қызметін атқару барысында ұжым тарапынан бірнеше рет негізсіз арыздар келіп түскен. Білім бөлімінің алқа мүшелерінің қатысуымен мектеп директоры З.Накисбековамен түсіндірме жұмысы жүргізілді. Ұжымда түсініспеушілік жағдайларды болдыртпау директорге жүктелді.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2020. All rights reserved.