Қазақша | Русский

Статистика блога

Всего вопросов:288
На рассмотрении:9
Рассмотренных:279
Вопрос: Құрметті аудан басшысы! Біздер Жамбыл ауданы Жайсан мектебінің жұмысшылары мен ұстаздары Сізге айтар шағымымыз бар. Директорымыз Зина Жораханқызы өз лауазымын пайдаланып, туған баласы Ысқақбекұлы Бауыржанды жұмысшы ретінде жұмысқа алған. Бірақ бұл баласы жұмысқа мүлдем келмейді. Оның орнына жұмысшыларға жұмыс істетеді. Бұған дейін де өз туысқандарын мертвый душа есебінде жұмысқа алған. Бауыржанның бір емес екі дипломы бар. Сонда бұл басынғандық ба? Или жеке меншік мектебі ме? Осы мәселелерді түгел қарамасаңыздар жоғары жақтарға арызданамыз. Шыдамның да шегі бар. Біздер Зина Нақысбекованың құлы емеспіз. Аузына келгенін айтып, балағаттайды. Тіпті үйінің жұмыстарын да істететін болды. Мектепке бөлінген солярканы да өзі біліп сатады, мектептің жерін өз меншігіне пайдаланып, күйеуі екеуі қызығын көруде. Өкімет осының барлығын неге тексермейді ? Біздер ашынғаннан жазып отырмыз. Тіпті болмаса президентке шығамыз. Осы шаруаны шешіп беріңіз.Мұның барлығын мұғалімдер де біледі. Барлығымыздан жеке-жеке сұраныз Арызданушы Жайсан мектебінің жұмысшылары.

Ответ: Құрметті Жайсан ауылындағы орта мектептің ұжымы! Жайсан ауылындағы орта мектептің жұмысшылары мен мұғалімдерінің маған жолдаған өтініштеріңіз бойынша, Жамбыл ауданының білім бөліміне тапсырма берілді. Өтініштің мазмұны бойынша мектеп директоры Накисбекова Зинахан Жорахановна қызмет барысында мектеп қызметкерлерінің ар-намысына тиетін сөздер айтады, мектеп жұмысшыларын жеке қажеттілігіне байланысты үй жұмыстарын істетеді, мектепке бөлінген солярканы жеке қажеттілігіне пайдаланады, ұлы Ысқақбекұлы Бауржан жұмысшы ретінде мектепте тіркелгенмен, жұмысқа келмейді деп көрсетілген. Білім бөлімі мектептің ұжымымен кездесу өткізіп, өтініште көрсетілген мәселенің анығын тексеру мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдер саны 43 (90%), жұмысшылар саны 19 (83%) болды. Нәтижесінде, мектеп директоры Накисбекова Зинахан Жорахановна қызмет барысында мектеп қызметкерлерімен қарым-қатынасы жақсы, қызметкерлердің ар-намысына тиетін сөздер айтпайтыны, мектеп жұмысшыларын жеке қажеттілігіне байланысты үй жұмыстарына ешқашан жұмсамағаны, мектепке бөлінген солярканы жеке қажеттілігіне пайдаланбайтыны анықталып, ұлы Ысқақбекұлы Бауржан мектепте жұмысшы ретінде істейтіні расталды. 2019 жылдың 03 желтоқсанынан бастап Ысқақбекұлы Бауржан өз еркімен жұмыстан босатылды. Накисбекова Зинахан Жорахановна 2014 жылдан бастап Жайсан ауылындағы орта мектептің директоры қызметін атқару барысында ұжым тарапынан бірнеше рет негізсіз арыздар келіп түскен. Білім бөлімінің алқа мүшелерінің қатысуымен мектеп директоры З.Накисбековамен түсіндірме жұмысы жүргізілді. Ұжымда түсініспеушілік жағдайларды болдыртпау директорге жүктелді.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Powered by Alison CMS © 2011-2020. All rights reserved.