Вопрос: Құрметті Жандарбек Ермекович! Сізден Жайсан орта мектебінің мұғалімдері ай сайын ауысып отыратын бухгалтерлерден шаршағанымызды хабарлаймыз. Өзіміздің еңбек ақымызды уақтысында ала алмай қазіргі бухгалтеріміз Шынарды сұрап алғанбыз. Ендігі уақытта бұл бухгалтерді де ауыстырып отыр. Сізден өтінеріміз осы Шынар атты бухгалтерді өзімізде қалдыру.Осы өтінішімізді қанағаттандырып беруіңізді сұраймыз.
Жайсан орта мектебінің мұғалімдері
Ответ: Құрметті Жайсан орта мектебінің ұжымы!
Жайсан орта мектебінде есепші болып жұмыс істеген Абдыкадырова Элмира 2016 жылдың шілдесінен бала күтіміне байланысты демалысқа шығуына орай орнына Назарова Шынар жұмыс істеді. Есепші қызметін атқарған Назарова Шынар кітапхананы қаржыландыру бөліміне ауыстырылды.
2017 жылдың 03 сәуірінен Жайсан орта мектебінің есепшісі болып Омирхан Айжан тағайындалды. Омирхан Айжан білікті маман, еңбек өтілі 6 жыл 3 ай.
[ Редактировать ]